ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорттық маусымның қорытындысы
Спорттық маусымның қорытындысы

  2025 жылғы спорттық маусым «ӨТМК» АҚ-ның ұжымы үшін шын мәнінде маңызды болды. Ол кәсіпорын қызметкерлері үшін корпоративтік дәстүрлердің, ұрпақтар сабақтастығының және белсенді өмір салтының маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

  XXXXIX ӨТМК кешенді спартакиадасы жай ғана спорттық жарыстар сериясы емес, командалық рухтың, ұйымшылдықтың және ортақ мақсаттарға жетуге деген ұмтылыстың жарқын көрінісі болды. Маусым бойы Комбинаттың цехтары мен бөлімшелерінің қыметкерлері жарыстарға белсене қатысып, тек физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар командамен жұмыс істеу, бір-біріне қолдау және мәреге дейін күресе білу қабілеттерін көрсетті.

  Спартакиада бағдарламасы дәстүрлі түрде әртүрлі спорт түрлерін қамтып, қатысушыларды күш пен төзімділікті, ептілік пен үйлесімділікті, стратегиялық ойлау мен командалық жұмысты көрсетуге ынталандырды. Жарыстар тартысты әрі қызықты атмосферада өтіп, жанкүйерлердің қызу қолдауымен ерекшеленді.

  Маусым қорытындысы бойынша XXXXIX кешенді спартакиадада №3 цех командасы тұрақты нәтижелер мен жоғары деңгейдегі командалық жұмыс көрсетіп алтын кубокты иеленді, күміс кубок №6, 9 және 22 цехтардың құрама командасына бұйырды. Қола кубокты №7 және 8 цехтардың құрама командасы, сондай-ақ табандылық, төзімділік пен жеңіске деген берік ерік-жігер танытқан СББ МББ құрама командасы жеңіп алды.

  Жалпы командалық есептен бөлек, маусым соңында дәстүрлі номинациялар бойынша Спартакиаданың үздік қатысушылары анықталып, марапатталды.

  • «Цех комитетінің төрағасы» - Ерболат Оразаев, №6 цехтың құрылыс-монтаждау учаскесінің аға шебері;
  • «Цехтың физоргы» - Мурат Маутов, №3 цехтың кран машинисі, Руслан Алтынов, №9 цехтың ОПУ шебері; Мирас Батыргужинов, КИП СББ МББ слесарі;
  • «Спорттық ұзақ өмір сүру үшін» - Равиль Сагадиев, №1 цехтың хлораторшигі; Нуржан Оспанов, №8 цехының ЖП кондукторы; Талгат Кумарбеков №1 цехтың балқытылған тұздарды электролиздеушісі;
  • «Спорттық әсемдік» номинациясы – Дана Сериккызы, №3 цехының титан губкасын сұрыптаушысы;
  • «Жылдың үздік спортшысы» - Наим Тусекпеков, АҚҚ құтқарушысы; Сергей Сидоров, №2 цехының СӨжХББ хлорды айдау аппаратчигі; Ильяс Устельбаев, №3 цехының ТҚК мастері; Анатолий Гончаров, СББ МББ электромонтері.

  - Біз үшін Спартакиадаға қатысу ең алдымен бір команда болып, бір-бірімізді қолдап, әрбір жеңісті бірге атап өту мүмкіндігі, - деді №3 цехтың дене шынықтыру нұсқаушысы Мурат Маутов. – Бұл маусым әсіресе символдық мәнге ие болды, өйткені ол сүйікті Комбинатымыздың 60 жылдық мерейтойы аясында өтті. Мерейтой жарыстарға ерекше мазмұн беріп, оларды шын мәнінде есте қаларлық етті.

  Мерейтойлық жылдың XXXXIX кешенді спартакиадасы ӨТМК спорттық дә»стүрлерінің сақталып қана қоймай, олардың үнемі дамып келе жатқанын айқын көрсетті. Ол мерейтойлық іс-шаралар легінде үйлесімді түрде еніп, Комбинаттың басты күші – ортақ құндылықтармен, еңбек пен спорттағы жаңа жетістіктерге ұмтылумен біріктірілген белсенді, ұйымшыл және мақсатқа бағытталған ұжым екендігін дәлелдеді.