ЖАҢАЛЫҚТАР
«ӨТМК» АҚ Комплаенс басқармасы – Комбинат жұмысының ашықтығы мен қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз ететін команда. Басқарма мамандарының басты міндеттері – заң талаптарының, корпоративтік стандарттарың және халықаралық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету. Олардың қызметі кәсіпорынның беделін қорғауға және серіктестердің сенімін нығайтумен тікелей байланысты.
Басқарманың жұмысы екі негізгі бағытты біріктіреді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және ақпараттық қауіпсіздік. Бірінші бағытқа тәуекелдерді анықтау және алдын алу, ішкі регламенттерді жетілдіру, ішкі тексерулерді жүргізу, қызметкерлерді оқыту және Этикалық кодекстің сақталуына бақылау жатады.
Екінші бағыт деректерді қорғауға, киберқауіптерді мониторингілеуге, қолжетімділікті бақылауға және қауіпсіздік бойынша тұрақты тексерістер жүргізуге бағытталған. Рұқсатсыз кіру әрекеттері мен күдікті мен күдікті белсенділік нақты уақыт режимінде бақыланады.
Өткен жылы мамандар ауқымды жұмыс атқарды: тәуекелдерді бағалау, процестерді жетілдіру, қызметкерлердің білімін тестілеу, қорғау құралдарын жаңғырту және ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту.
ӨТМК-гі Комплаенс – бұл «бақылау үшін» бақылау емес, адалдыққа, сенімге және ұжымның қауіпсіздігіне бағытталған жүйелі жұмыс. Басқармада құқық, технология, аналитика және этика салаларындағы білімді ұштастыра білетін кәсіби мамандар қызмет етеді. Олар Комбинаттың тұрақтылығы мен орнықтылығына әсер ететін маңызды шешімдерді күн сайын қабылдайды.
Комплаенс басқармасының жұмысы ішкі процестерді процестерді жақсартуға, ашықтықты сақтауға және жауапкершілік пен құрметке негізделген корпоративтік мәдениетті нығайтуға көмектеседі.