ЖАҢАЛЫҚТАР
Титан» стадионы Наурыз мерекесінің кең ауқымда аталып өтетін басты алаңына айналды. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бастауы саналатын бұл мереке ұлттық дәстүрлерге деген құрмет пен ел бірлігін айқын көрсеткен ерекше атмосферада өтті.
Мерекенің ашылуы көркем театрландырылған қойылыммен басталды. «Қара шаңырақ» ансамблі мен «Шаңырақ» театрының өнері көрерменді Ұлы дала тарихымен қауыштырды. Қыдыр ата көпшілікке ақ батасын беріп, ұлттық киімдегі қыздар «шашу» шашты, жиналған жұрт қуанышқа бөленді.
Жиналған қауымды кәсіпорын басшылығы құттықтады. Комбинат президенті, облыстық мәслихат депутаты Асем Мамутова Қазақстанда әрдайым басты құндылықтар ол бейбітшілік, келісім мен халықаралық достық екенін атап өтті. Ол баршаға амандық, бақ-береке тілеп, ел дамуы үшін мәдени мұраны сақтау мен қоғамдық келісімнің маңызы зор екенін жеткізді.
«ӨТМК» АҚ-ның бірінші басшысының құттықтау сөздеріне кәсіподақ төрағасы Геннадий Писмаркин, техникалық директордың м.а. Сергей Лошкаев, қаржы директоры Султан Серикпаев және «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Думан Надірұлы қосылып, мұндай мерекелер ұжымның бірлігін нығайтатынын айтты.
Қонақтарға ұлттық дәстүрге сай кең дастарқан жайылып, бауырсақ, палау секілді тағамдар ұсынылды. Концерттік бағдарлама да көпшіліктін көңілінен шықты. Би ұжымдарының жарқын қойылымдары, ұлттық және заманауи билер, филармония әртістерінің әндері мен саксофондағы әсерлі орындау мерекенің көркін аша түсті.
Келушілердің айтуынша, мереке ерекше жылы әрі қонақжай жағдайда өтті. Олар өздерін үлкен бір отбасының мүшесіндей сезінгендерін жеткізді.
Мереке соңында орындалған әсерлі композиция барша көрерменді ортақ қуанышқа біріктірді. «Титан» стадионындағы Наурыз тағы да татулық пен мәдени құндылықтардың маңызын айқындап, көпшілікке көктемгі көтеріңкі көңіл күй сыйлады.