ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәлдік пен зейін мамандығы
Дәлдік пен зейін мамандығы

  Шихта дайындау араластыру қондырғысының операторы – металлургиядағы негізгі мамандықтардың бірі. Бұл жұмыста жауапкершілік, мұқияттылық және дәлдік шешуші рөл атқарады.     Шикізаттың құрамы мен мөлшерінің дәлдігі болашақ құйманың сапасына және бүкіл өндірістік процестің тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

  Мұнда қателесуге болмайды — әрбір ұсақ-түйек маңызды. Жұмыс ауысым шебері беретін рецепттен басталады. Рецептураға сәйкес бункерлерге титан губкасы, лигатура және микрокоспалар қатаң тәртіппен жүктеледі.

  «Менің жұмысым — процесті мұқият бақылап, ештеңені назардан тыс қалдырмау. Барлығы ауысым шебері беретін рецепттен басталады. Сол рецепт бойынша бункерлерге титан губкасын, лигатураны және микрокоспаларды жүктейміз», — деп бөлісті шихта дайындау араластыру қондырғысының операторы Еркін Қабдыкен.

  Ең бастысы — дәлдік. Әрбір брикеттің салмағын нақты сақтау қажет, өйткені дайын құйманың сапасы соған тікелей байланысты.

  Бұл жұмыста компьютермен жұмыс істей білу, жабдықты түсіну, тораптар мен агрегаттардың орналасуын білу және қондырғының жұмыс логикасын меңгеру маңызды. Бірақ ең бастысы — мұқияттылық пен жауапкершілік. Процесті тұрақты бақылау, дозаны тексеру және жабдықтың жарамдылығын қадағалау ғана сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

  Шихта дайындау араластыру қондырғысының операторы мамандығы — күнделікті қажырлы әрі жауапты еңбек. Бұл еңбек сырт көзге әрдайым көріне бермейді. Дәл осындай мамандардың арқасында комбинат бүкіл әлемге танымал жоғары сапалы титан өндіреді.