ЖАҢАЛЫҚТАР
Салауатты өмір салтын қолдау, рух күшін, мақсаткерлікті және командалық бірлікті тәрбиелеу – Өскемен титан-магний комбинатының корпоративті мәдениетінің маңызды құрамдас бөліктері. Кәсіпорынның қолдауымен дамып келе жатқан қызметкерлер мен жас таланттардың спорттық жетістіктері – бүкіл ұжымның мақтанышы.
ӨТМК грек-рим күресі мектебі – тиісті назар мен инвестициялардың арқасында нағыз чемпиондардың дүниеге келетінінің жарқын мысалы.
Өткен ай мектебіміздің шәкірттері үшін өте нәтижелі болды. Ең жарқын жетістіктердің бірі – Темирлан Турдақынның Хорватияның Пореч қаласында өткен грек-рим күресінен халықаралық турнирінде қола жүлде иеленуі. 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол іріктеу кезеңдерінен сенімді түрде өтіп, пьедесталдың үшінші сатысына көтерілді.
Бұл уақытта Астанада Қазақстан Кубогы өтті, онда Салават Ахметқали екінші орынды иеленді. Бұл нәтиже – спортшының жеке жеңісі ғана емес, сонымен қатар бүкіл команданың жоғары дайындық деңгейінің куәсі.
Грек-рим күресі мектебіне Әли Бекенғазы кезекті алтын медалін әкелді. Семейде өтіп жатқан республикалық турнирде ол нағыз шеберлікті, төзімділікті және жеңіске деген ерік-жігерді көрсетті.
Бұл марапаттар – көп жылғы еңбектің, талмай жаттығулардың және жас спортшыларды дамытуға бағытталған жүйелік тәсілдеменің нәтижесі. Және ең бастысы, бұл біздің жігіттеріміздің алғашқы жетістіктері емес. Мектеп шәкірттері әртүрлі деңгейдегі жарыстарда өздерін бірнеше рет көрсеткен.
Қазір спортшылар келесі жарыстарға белсенді дайындалуда. Алда – 7-11 шілде аралығында Қырғызстанда өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты. Дайындық күнделікті жүргізілуде: жаттығулар, тактикаларды пысықтау, техника мен психологиялық тұрақтылықты жетілдіру. Әр спортшының өз мақсаты бар, бірақ барлығын бір ғана жеңіске деген ұмтылыс біріктіреді.
– Жаттықтырушы ретінде мен мектепті белсенді дамытуды жоспарлап отырмын. Біз тек спортшыларды тәрбиелеуді ғана емес, тұлғаларды, патриоттарды, чемпиондарды қалыптастыруды мақсат етеміз. Дұрыс тәрбие, қолдау және әрбір шәкіртке деген назар жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, – дейді ӨТМК грек-рим күресі мектебінің жаттықтырушысы Данияр Абилов. – Мен «ӨТМК» АҚ-ның басшылығына қолдаулары мен миссиямыздың маңыздылығын түсінгендері үшін рақмет айтамын. Осы қолдаусыз көп нәрсе мүмкін болмас еді.
Ол сондай-ақ Олимпиада ойындарына барар жол – толықтай орындалуына мүмкін мақсат екенін атап өтті.
– Біз күн сайын жұмыс істейміз. Жігіттер тырысады, өсіп келеді, мен олар болашақта әлемнің ең беделді ареналарында ел намысын қорғайтынына сенімдімін, – деп қосты Данияр Әбілов.
ӨТМК грек-рим күресі мектебінің шәкірттері әлемнің ең беделді жарыстарының тұғырынан тағы да талай рет көрінетініне еш күмән жоқ.