ЖАҢАЛЫҚТАР

Қозғалыстын күші
Қозғалыстын күші

  Комбинатта тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар табандылық, реакция және мінез жеңетін спорт алаңында да жақсы бола алады. «ӨТМК» АҚ кешенді спартакиадасы аясында өткен үстел теннисі бойынша турнир осының тағы бір дәлелі болды.

  Үстел теннисі жай спорт емес. Мұнда бәрі маңызды: доп сезімі, жылдам реакция, шоғырлану, тактикалық ойлау және соққы техникасы. Партияның нәтижесі көбінесе осы дағдыларға байланысты. Бір қате қимыл және доп беру мүмкіндігі қарсыласқа өтеді. Сонысымен бұл ойын соншалықты қызықты, ал жеңіс шынымен құнды.

  Жарысқа Комбинаттың әртүрлі бөлімшелерінін командалары қатысты. Алғашқы матчтардан бастап доптардың қатты соққылары, әріптестердің айқайы мен ойыншылардың толқуы спорт кешенін ерекше атмосфераға толтырды. Көптеген қатысушылар үшін бұл спорт тек ойын-сауық емес, нағыз хобби болды.

  – Мен үстел теннисі турнирінде бірінші рет қатысып отырмын және бұл мен үшін керемет тәжірибе. Турнир Біздің мықты әрі ұйымшыл команда екенімізді көрсетті, ал әріптестеріміздің қолдауы өз шеберліктерін арттыру үшін ең жақсы мотивация болды, – деп кедендік декларациялау жөніндегі маман, Алексей Цупа бөлісті.

  Жарыс қорытындысы бойынша №№7, 8, Сапаны бақылау басқармасының метрологиялық бақылау бөлімі, және «КАБЛАН С» ЖШС цехтарының құрама командасы сөзсіз көшбасшы болды. Екінші орынды №3 цех командасы, ал құрметті үшінші орынды №2 цех командасы иеленді.

  «ӨТМК» АҚ кәсіподақ комитетінің қолдауымен турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алайда, спорттық жарыстың басты марапаты ол команданың эмоциясы мен бірлігі. 

  «ӨТМК» АҚ-дағы кешенді спартакиада – бұл жай ғана марапаттар үшін жарыс емес, командалық рухты нығайту, мотивацияны арттыру және спорттық дағдылар мен өзіне деген сенімділікті дамыту тәсілі.

  Үстел теннисі бойынша турнирі әртүрлі мамандық пен жастағы адамдарды біріктіретін кешенді спартакиаданың тағы бір жарқын эпизоды болды. Оның әр кезеңі – бұл тәртіп, алға жылжу және ең үздік болуды, ұмтылу бар жерде сәттілік болатынын еске салатын спорттық мереке.

  Спартакиада жалғасуда, алда жаңа бастамалар, жаңа жеңістер мен жаңа эмоциялар тұр. Өткен турнир комбинаттағы спорт – бұл жай ғана дәстүр емес, энергиямен, спорттық толқумен және ұжымның шынайы бірлігімен өмір салтының бір бөлігі екенін тағы да көрсетті.