ЖАҢАЛЫҚТАР
«ӨТМК» АҚ кешенді спартакиадасының кезекті кезеңдері жарысқа қатысушыларды ғана емес, сонымен қатар әріптестерін шын жүректен қолдайтын жанкүйерлерді де командаларға біріктіріп жігерлендіреді.
Тактика, толқу және күш
Арқан тартысқа көптеген жас мамандар қатысты. Олар алаңда өздерін сынап, дене шынықтыруларының денгейін қуана-қуана көрсетті. Бұл спорт түрі қарапайым болып көрінгенімен білектін күшін, тактикалық білім мен командалық бірлікті қажет етеді.
Көрініс шынымен де әсерлі болып шықты! Жанкүйерлер жарыстың барысын қызығушылықпен бақылап отырды, ал қатысушылар барын салды.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей белгіленді:
1 орын – №3 цех командасы;
2 орын – №6, №9, №22 цехтар құрамасы;
3 орын – №1 цех командасы.
– Толқу, көңіл-күй, командалық рух – бәрі жоғары деңгейде! Біз келесі жылы міндетті түрде жарыстарға қатысамыз және жеңіс біздікі болуы үшін одан да жақсы дайындаламыз, – деп №1 цехының жаттықтырушысы Алексей Никулин бөлісті.
– Мұндай жарыстар көңіл-күйді көтереді, Комбинаттың барлық ұжымын біріктіреді және жұмысқа деген ынтаны арттырады.
Күш, жылдамдық, төзімділік
Жеңіл атлетикалық көпсайыс – бұл бірнеше кезеңнен тұратын әсерлі жарыс. Алдымен жарысқа қатысушылар орындарынан ұзындыққа секіріп, артынан жүз метрге жүгіруден жарысты. 45 жастан асқан қызметкерлер 60 метрге жүгірді.
Келесі кезеңде ерлер турникке тартылды, ал әйелдер пресс жаттығуын жасады. Барлық қатысушылар өте жақсы нәтижелер көрсетті, біріншілік үшін күрес қызу өтті.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды №3 цех командасы, екінші орын №6, 9 және 22 цехтар құрамасы, ал үшінші орынды №7, 8 цехтар, МББ, СББ және Қаблан С құрама командасы иеленді.
тартылудан үздік нәтиже көрсеткен – Алтынов Руслан;
ұзындыққа секіруден ен үздік көрсеткіш - Қабылханов Дастан;
ерлер арасында 100 метрге ең жылдам жүгірген – Маутов Мұрат;
әйелдер арасындағы үздік нәтиже – Серікқызы Дана;
"45+" жас санаты бойынша ерлер арасындағы жеңімпаз – Сағадиев Равиль;
Кросс: төзімділікті тексеру
Жеңіл атлетикалық кросс – Кешенді спартакиаданың тұрақты кезеңдерінің бірі. Жалпы қашықтық 1000 метрді құрайды, 40 жастан асқан әйелдер мен 45 жастан асқан ер азаматтар үшін – 500 метр. Қатысушылар жарысты сергек бастап дайындықтарының керемет денгейін көрсетті. Ең көп ұпай жинаған №1 цех командасы, екінші орында, аз ғана айырмашылықпен, №3 цех командасы, құрметті үшінші орынды 6, 9, 22 цехтардың құрама командасы иеленді.
Үздік жеке нәтижелер:
әйелдер арасында – Бекенова Сая;
«45+» ерлер арасында – Сагадиев Равиль;
ерлер арасындағы 1000 метрге ең жақсы нәтиже – Тусекпеков Наим.
– Жүгіру – ол әрқашан өзінді сынақтан өткізу. Ол денені ғана емес, мінезді де жаттықтырады. Мен қашықтықты еңсеріп, жақсы нәтиже көрсете алғаныма қуаныштымын, – деді жарысқа қатысушы Наин Түсекпеков.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар "ӨТМК" АҚ Кәсіподақ комитетінен ақшалай сыйлықтар мен Құрмет грамоталарын алды.
Спартакиаданың келесі кезеңі – Комбинаттағы ең сүйікті спорт түрлерінің бірі - шағын футбол. Жанкүйерлер қазірдің өзінде алаңда болатын жаңа шайқастарды күтуде.
ХХХХІХ кешенді спартакиаданың жеңімпазы кім болатынын болжау әлі мүмкін емес. Комбинат үшін осы мерейтойлық жылы командалар ерекше ынтамен жарысуда және барлық жарыс түрлеріне өз қатысушыларының дайындығына байыппен қарады. Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!