ЖАҢАЛЫҚТАР

Республикалық турнирдегі сенімді жеңіс
Республикалық турнирдегі сенімді жеңіс

  «ӨТМК» АҚ грек-рим күресі мектебінің тәрбиеленушісі Александр Пименов жастар арасында КСРО спорт шебері Есенжол Мұхамбетұлы Әлімановты еске алуға арналған ашық Республикалық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Алматы қаласында өтіп, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның ең мықты балуандарын жинады.

  Александр барлық белдесулерін сенімді түрде өткізді, жоғары техникалық және тактикалық дайындықты, шыдамдылық пен мінезді көрсетті. Турнир нәтижесінде ол өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді.

  «ӨТМК» АҚ грек-рим күресі мектебі көптеген жылдар бойы спорттық таланттардың ұстаханасы болып келеді. Мұнда чемпиондарды ғана емес, сонымен бірге енбекқорлық, тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірген жас балуандарды тәрбиелейді. Александр Пименов – мектебің ең еңбекқор тәрбиеленушілердің бірі, оның табандылығы мен күнделікті еңбегңі республикалық турнирдегі жеңісәне жол ашты.

  Алда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Ол 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Алматыда өтпек. Комбинат намысын осы жарыстарда да «ӨТМК» АҚ грек-рим күресі мектебінің үш тәрбиеленушісі қорғайды. Александрдың жетістігі олар үшін қосымша ынталандыру және үлгі болып табылады.

  Грек-рим күрес мектебінің жаттықтырушысы Данияр Әбілов «ӨТМК» АҚ Президенті Әсем Мамутоваға және Кәсіподақ комитетіне спортты дамытуға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, дәл осы қолдау жас спортшылардың жарыстарға тұрақты қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

  Александр Пименовтың жеңісі - спортшының, жаттықтырушылар ұжымының және «ӨТМК» АҚ грек-рим күресі мектебінің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл жеңіс жас балуандар үшін жарқын үлгі болып табылады.