ЖАҢАЛЫҚТАР
«ӨТМК» АҚ-ның №9 цехында газ тазалау жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жоба Комбинатты дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мен тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.
Бүгінгі таңда экология – абстрактілі ұғым емес, нақты өндірістік міндет. Сондықтан газ тазалау «ӨТМК» АҚ-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі ретінде айқындалды. 2023-2033 жылдарға арналған Даму бағдарламасы негізгі жабдықтарды кезең – кезеңімен жаңартуды, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуді және қоршаған ортаға түсетін әсерді азайтуды көздейді.
№9 цехтағы жаңғырту осы стратегияның заңды жалғасуы болды. Бұрынғы жүйе өз ресурсын толық сарқып, оған қызмет көрсету ауыр қол еңбегін талап ететін: коллекторларды, сүзгілерді және су бүрку форсункаларын жүйелі түрде тазалау қажет еді. Бұл жүмыстар айына екі рет жүргізіліп, бірнеше сағатқа созылатын. Жана скрубберлік жүйеде мұндай еңбекқор операциялар бұрыңғы көлемде қажет емес, соның арқасында аппаратшылар технологиялық процеске көбірек көңіл бөле алады.
- Жаңғыртудың басты нәтижесі – газды тазалау тиімділігінің едәуір артуы және қоршаған ортаға теріс әсердің айқын төмендеуі. Жүйе тұрақты әрі сенімді жұмыс істейді, соның нәтижесінде персонал техникалық қызмет көрсетуге аз алаңдап, толықтай технологиялық процеске назар аудара алады, - деп №9 цехтың аға шебер-технологы Айбек Рагызбаев атап өтті.
Жаңғыртуға экологиялық заңнама талаптары мен хлор және хлорсутек шығарындыларын қысқарту қажеттілігі түрткі болды. «ӨТМК» АҚ-ның жобалау-конструкторлық бөлімі жабдықты орналастыру жобасын әзірлеп, ол ШҚО бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінде келісуден өтті. Нәтижесінде цехта ZK 350-3 типті заманауи скрубберлік жүйе орнатылды.
Жаңа жүйенің принциптік ерекшелігі – корпустың ішінде орналасқан үш сатылы сақиналар (саптама элементтері). Ластанған газдар бұрышпен беріледі, спираль бойынша айналып, жұмыс ерітіндісімен белсенді түрде әрекеттеседі. Бұл тазалау тиімділігін кемінде 95% деңгейінде қамтамасыз етеді. Салыстыру үшін: бұрынғы қондырғыда бұл көрсеткіш шамамаен 92% болған.
Тағы бір маңызды нәтиже – энергия үнемдеу. Жаңа жабдық жиынтығында екі насос қарастырылған: біреуі жұмыс істейді, екіншісі резервте. Насос агрегатының тұтынатын қуаты – 35 кВт (жұмыста бір насос, екінші резервтік), ал ескі жүйеде қуаты 75 кВт болатын агрегаттар қолданылған. Электр энергиясын үнемдеу шамамен 50%-ды құрайды.
Қондырғының жұмысы цифрлық режимде бақыланады: тіркеу құрылғысы нақты уақыт режимінде суару қысымын, газ температураларын, газ көлемін, сондай-ақ тазалау сатыларына дейінгі және кейінгі сиретуді көрсетеді. Бұл процесті дәл бақылауға және нормативтерден ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жабдықты жеткізуші – газ тазалау, шаң ұстау және өнеркәсіптік желдету жүйелерін әзірлеу мен өндіруге маманданған Германияның TREMA Verfahrenstechnik GmbH компаниясы. Компани мамандары шеф-монтаж, іске қосу, баптау жұмыстарын жүргізіп, персоналды оқытты. Алдағы уақытта осындай шешімдер басқа учаскелерде де еңгізіледі. Келесі кезеңде бесінші тазалау қондырғысына ZK 280-3 типті жабдыққа ауыстыру жоспарланып отыр.
Паспорттық құжаттамаға сәйкес жаңа жабдықтың қызмет ету мерзімі – 20 жыл. Газ тазалау жүйесін жаңғырту – бұл «ӨТМК» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғауға, қызметкерлер мен өңір тұрғындарының деңсаулығына қамқорлық жасауға, сондай-ақ жауапты өндіріс мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі.