ЖАҢАЛЫҚТАР
Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Құрметті акционерлер!
«Өскемен титан-магний комбинаты» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі – «ӨТМК» АҚ немесе Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, 37-бабының 1-тармағына және 3-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ 41-бабына сәйкес, «ӨТМК» АҚ акционерлерін 2025 жылдың 25 шілде күні сағат 15:00-де (Астана қ. уақыты бойынша) атқарушы органның орналасқан жерінде сырттай дауыс беру арқылы өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы туралы хабардар етеді.
«ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бағдат Шаяхметов көшесі, 1/1 ғимараты, пошта индексі 070017.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына шақыру бастамашысы – «ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады.
Қоғамның акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімі «ӨТМК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінің деректері негізінде орталық депозитариймен жасалады. Қоғамның акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні: 2025 жылдың 25 маусым.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың басталу күні: 2025 жылғы 25 маусым сағат 09:00-ден бастап (Астана қ. уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді ұсынудың аяқталу күні: 2025 жылғы 25 шілде сағат 14:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні: 2025 жылғы 25 шілде сағат 15:00-де (Астана қ. уақыты бойынша).
Егер Қоғамның сырттай дауыс беру арқылы өткізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кезде кворум сақталмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы қайтадан өткізілмейді.
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Қоғамның есеп комиссиясының мүшесін сайлау.
2. Қоғамның 2024 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3. Қоғамның 2024 жылға арналған таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
4. 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер туралы;
5. Қоғамда 2025 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды айқындау;
6. Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін айқындау және сайлау;
7. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жолдаған өтініштерін және оларды қарау нәтижелерін талқылау мәселелері.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабының 6-тармағына сәйкес, акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде, Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі өзгертілмейді және (немесе) толықтырылмайды.
Акционерлерге Қоғамның акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдары «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде, сондай-ақ «ӨТМК» АҚ-ның корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz «Жаңалықтар» бөлімінде қолжетімді.
«ӨТМК» АҚ акционерінің Қоғамның post@uktmp.kz электрондық мекенжайына жолданған сұранысы болған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұраныс келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жіберіледі. Көрсетілген ақпарат Қоғамның акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға беріледі.
«ӨТМК» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46, 49, 52-баптарына сәйкес айқындалады:
1. «ӨТМК» АҚ Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беруді өткізу үшін дауыс беру бюллетені «ӨТМК» АҚ www.uktmp.kz корпоративтік веб-сайтында және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған.
2. Сырттай дауыс беруге арналған толтырылған бюллетень акционерлерге «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде, пошта немесе курьерлік байланыс құралдарын пайдалана отырып ұсынылады. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді ұсынған күн «ӨТМК» АҚ-да тіркелген күні болып саналады.
3. Есеп комиссиясы:
- алынған бюллетеньдердің жарамдылығын және олардың санын анықтайды;
- күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс санын санап, «ӨТМК» АҚ-ның акционерлердің жылдық жалпы жиналысының кворумының бар-жоғын анықтайды;
- «ӨТМК» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының барлық мәселелері бойынша дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады;
- дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы және «ӨТМК» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысының хаттамасын жасайды және қол қояды.
Қоғамнын акционерлердің жылдық жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-37, 39, 41, 43-47, 49-52 баптарына сәйкес өткізіледі.
«ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі