ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрметті акционерлер!
«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ӨТМК» АҚ немесе Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағына, 37-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және 41-бабына сәйкес «ӨТМК» АҚ акционерлеріне сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін акционерлердің Жылдық жалпы жиналысының 2026 жылғы 10 тамызында сағат 15:00-де (Астана қ. уақытымен). Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерінде өтетіні туралы хабарлайды.
«ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бағдат Шаяхметов көшесі, 1/1 ғимараты, пошталық индексі 070017.
Акционерлердің Жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы – «ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі.
Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін орталық депозитарий «ӨТМК» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде жасайды.
Қоғам акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні: 2026 жылдын 10 шілдесі.
Сырттай дауыс беру қорытындыларын есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың басталу күні: 2026 жылғы 13 шілде сағат 09:00 (Астана қ. уақытымен).
Сырттай дауыс беру қорытындыларын есептеу үшін бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 10 тамыз сағат 14:00-ге дейін (Астана қ. уақытымен).
Сырттай дауыс беру нәтижелерін санау күні: 2026 жылғы 10 тамыз сағат 15:00 (Астана қ. уақытымен).
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайта жалпы жиналысы өткізілмейді.
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының
КҮН ТӘРТІБІ
- Қоғамның 2025 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- Қоғамның 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы;
- 2025 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер туралы;
- Қоғамның 2026 жылға арналған аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
- Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты өтініштерін және оларды қарау қорытындыларын қарау туралы.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 6-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған кезде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді.
Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жерінде, сондай-ақ «ӨТМК» АҚ-ның корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz «Жаңалықтар» бөлімінде қол жетімді.
«ӨТМК» АҚ акционерінен Қоғамның post@uktmp.kz электрондық поштасына сұрау келіп түскен жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жіберіледі. Көрсетілген ақпарат Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғаларға ұсынылады.
«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беру арқылы дауыс беру тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46, 49 және 52-баптарына сәйкес айқындалады:
- «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында сырттай дауыс беруді өткізу үшін дауыс беруге арналған бюллетень «ӨТМК» АҚ-ның корпоративтік веб-сайтында www.uktmp.kz, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған.
- Толтырылған сырттай дауыс беруге арналған бюллетень акционерлермен «ӨТМК» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша немесе пошта не курьерлік байланыс құралдары арқылы ұсынылады. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньнің ұсынылған күні болып оның «ӨТМК» АҚ-да тіркелген күні есептеледі.
- Есеп комиссиясы:
- алынған бюллетеньдердің жарамдылығын және олардың санын айқындайды;
- күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыстардың санын есептейді және «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының кворумының болуын айқындайды;
- «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының барлық мәселелері бойынша дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады;
- дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы және «ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасын жасайды және қол қояды.
Қоғамның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35–37, 39, 41, 43–47 және 49–52-баптарына сәйкес өткізіледі.
«ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі