ЖАҢАЛЫҚТАР
Титан стадионы спорт пен белсенді өмір салтын сүйетіндерді қайта жинады.
«ӨТМК» АҚ кешенді спартакиадасы аясында мұнда спорт, энергия және командалық рухтың нағыз мерекесіне айналған шағын футболдан турнир өтті.
Алғашқы матчтардан-ақ ойындар жеңіл болмайтыны анық көрінді. Командалар әр доп үшін, алаңның әр метрі үшін күресті. Тек шеберлік пен техника ғана емес, сонымен қатар мінез, әріптестердің қолдауы, өз цехынын намысын қорғауға деген ұмтылыс ойнады. Трибуналарда ерекше атмосфера болды: жанкүйерлер соңғы секундтарға дейін қолдап, әр голды үлкен эмоциялар мен қошеметпен қарсы алды.
Жеңіс үшін Комбинаттың барлық бөлімшелерінің қызметкерлері күресті. Соңғы ойын кестесі келесідей болды:
- 1 орын - №3 цех командасы,
- 2 орын - №6, 9 және 22 цехтар құрамасы,
- 3 орын - №2 цех командасы.
Алайда, турнир тек нәтижелерімен ғана емес, сонымен қатар жарқын жеке көріністерімен де есте қалды. Ойын қорытындысы бойынша үздік футболшылар анықталды:
- Үздік шабуылшы – Маутов Мұрат (№3 цех)
- Үздік қақпашы – Мүшелбаев Нұрбол (№2 цех)
- Үздік қорғаушы-Мақұлбек Дәулет (№3 цех)
- Үздік бомбардир - Алтынов Руслан (№6, 9, 22 цехтар құрамасы)
- Турнирдің үздік ойыншысы – Жүнісов Самат (№3 цех)
Бұл есімдер берілгендік пен футбол шеберлігінің символына айналды. Олардың күш-жігері ойынның бағытын бірнеше рет өзгертті және трибунадағы көрермендердің қошеметіне бөленді.
- Футбол - менің сүйікті спорт түрлерімнің бірі. Мен онымен 6 жасымнан бастап айналысамын. Мен үшін бұл жай ғана ойын емес, өмір бойы сүйемелдейтін нағыз хобби, - деп бөлісті Руслан Алтынов. - Салтанатты жағдайда марапат алу - бұл ерекше сезім. Мұндай сәттерде барлық жұмыс пен күш-жігердің бекер болмағанын түсінесін.
Комбинаттағы Спартакиада – ол жәй ғана жарыс емес. Ол адамдарды біріктіреді, командалық рухты нығайтады, өзін үлкен тату отбасының бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі. Мини-футболдан өткен турнир осыны айқын дәлелі болды: мұндағы жеңіс – бұл ортақ еңбектің, өзара қолдаудың және табысқа ұмтылудың нәтижесі.
Соңғы ысқырық футбол шайқасының аяқталуын белгіледі, бірақ спорттық мереке қатысушылар мен жанкүйерлердің жадында ұзақ уақыт сақталады. Алда бізді спартакиаданың жаңа кезеңдері, жаңа эмоциялар мен жаңа жеңістер күтеді.