ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәл білім - мектеп қабырғасынан басталады
Дәл білім - мектеп қабырғасынан басталады

«ӨТМК» АҚ техникалық білім беруді дамытуға және жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары мен жобаларын қолдауды жалғастырып келеді.

Осы бағыттағы кезекті қадам ретінде М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектепке оқу процесінде пайдалануға арналған өлшеу құралдары табысталды.

Берілген құралдардың қатарында техникалық, аналитикалық, теңиықты және торсиондық таразылар, ампервольтметр және жүк-поршеньді манометр бар. Енді оқушылар теориялық біліммен шектелмей, өнеркәсіпте қолданылатын нақты өлшеу құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Мұндай жабдықтармен өтетін практикалық сабақтар оқушыларға физикалық процестерді тереңірек түсінуге, метрология мен инженерлік істің негіздерімен танысуға, сондай-ақ техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Білім беру мен жастардың кәсіби бағдарын қолдау — «УКТМК» АҚ әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Біз білімге және оқушылардың дамуына салынған инвестиция болашақ мамандарды даярлауға әрі ел өнеркәсібінің дамуына қосылған үлес екеніне сенімдіміз.