ЖАҢАЛЫҚТАР

«ӨТМК» АҚ-ға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі жұмыс сапарымен келді
«ӨТМК» АҚ-ға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі жұмыс сапарымен келді

2026 жылғы 22 мамырда «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, ҚР ӨҚМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Біржан Дулатбеков, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері болды.

Жұмыс сапары аясында делегация Комбинаттың қазіргі өндірістік қызметімен, жүзеге асырылып жатқан жобаларымен және кәсіпорынның даму бағыттарымен танысты.

№14 цехта министрге өндірістік үдерістер, технологиялық жабдықтардың жұмысы және кәсіпорында іске асырылып жатқан жаңғырту жобалары таныстырылды. Сондай-ақ делегацияға өндірістік тиімділікті арттыру, заманауи технологиялық шешімдерді енгізу және Комбинаттың өндірістік әлеуетін одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар көрсетілді.

Сапар барысында қонақтар «УКТМК» АҚ музейінде болып, Комбинаттың қалыптасу және даму тарихымен, өндірістік қызметінің негізгі кезеңдерімен, сондай-ақ кәсіпорынның Қазақстандағы титан-магний саласы мен отандық өнеркәсіптің дамуына қосқан үлесімен танысты.

Кездесу барысында өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және отандық өндірістің халықаралық нарықтағы позициясын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бүгінде «УКТМК» АҚ титан-магний саласындағы ірі тігінен интеграцияланған кәсіпорындардың бірі болып саналады және елдің өнеркәсіп кешенінде маңызды орын алады.

Жұмыс сапары мемлекеттің елдің өнеркәсіптік әлеуетін тұрақты дамыту мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарды қолдауға ерекше көңіл бөлетінінің тағы бір дәлелі болды.