ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетістік пен абырой: «AMANAT» марапаттары
Жетістік пен абырой: «AMANAT» марапаттары

Рәсімді «AMANAT» партиясы ШҚОФ басшысы Сайрангүл Жұмаділова жүргізді.

  Марапатталғандардың арасында №1 цехтың хлораторшылары Қайрат Умаров пен Дәурен Кенжебаев, №2 цехтың титан құрамды материалдарды қайта өңдеу пешінің жұмысшысы Нұрлан Тұраров және №3 цехтың электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Валерий Яшкин бар. Олардың барлығы өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен және елдің жетекші кәсіпорындарының бірінде еңбек ететініне деген шынайы мақтанышымен ерекшеленеді.

  Валерий Яшкин әскерден кейін Комбинаттың табалдырығын алғаш аттап осымен міне отыз жылдан астам уақыт осында жұмыс істейді. Шебер лауазымынан бастап, ол саналы түрде жұмысшы мамандығына қайта оралды:

  Қолыммен жұмыс істегенді жақсы көремін. Қазір менің міндетім – жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сонымен қатар жас жігіттерді тәрбиелеп жатырмын. Мені де бұрын ұстаздар үйреткен, бұл жоғалмайтын тәжірибе, – дейді Валерий.

  Ол «ӨТМК» АҚ басшылығына және «AMANAT» партиясына көрсеткен қамқорлықтары мен көп жылғы еңбегін бағалағандары үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

  Комбинатта қырық жылға жуық еңбек еткен Қайрат Омаровтың артында үлкен тәжірибе бар. 1985 жылдың тамыз айынан бері ол бір цехта жұмыс істейді. Оның бұл тарихы – мамандығына деген адалдық пен тұрақтылықтың үлгісі.

  – Мұндай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Басшылыққа сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын, – дейді Қайрат Умаров. – Мен келгенде жанымда үйреткен ұстаздарым болды.

  Келесі марапатталған Нұрлан Тұраров 1995 жылдың сәуір айындағы алғашқы күнін еске алады. Үлкен цехтар мен балқымалар арасына алғаш рет келген жас маман, сол әсерлерді әлі күнге дейін сақтап жүр:

  Мен үшін бұл таңғажайып болды – ауқымы, технологиялары, жабдықтары. Барлығы өте таңқаларлықтай көрінді, өндірістік процестерге тезірек кірісуге деген құлшыныс туды, – дейді ол. – Отыз жыл жұмыс істеген уақытта кәсіпорынның басты байлығы – тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім екеніне көзі жетті.

  Марапатталғандар арасындағы ең жас – Дәурен Кенжебаев, Комбинаттағы жолын 2007 жылы бастаған. Ол өзінің алғашқы әсерін ерекше жақсы есте сақтады:
– Бірден бәрін біліп, үйренгім келді. Әрине, тәжірибе тек жылдар өте келе келеді. Бірақ қызығушылық пен жұмыс істеуге деген ниет алғашқы күндерден болды.

  Бүгінде оның өз шәкірттері бар. Ол бірнеше жас мамандарды даярлады.
Төрт әңгіме – төрт тағдыр. Бір цехта қырық жылға жуық жұмыс, кәсіпорынның ауқымынан алған алғашқы әсері, алғашқы табыстардың қуанышы және өзіне жол көрсеткен ұстаздар мақтанышы. Олардың әңгімелері әртүрлі, бірақ әрқайсысында ортақ нәрсе бар: мамандыққа деген сүйіспеншілік, Комбинатқа алғыс және жас ұрпаққа тәжірибесін беруге деген ұмтылыс.

  Бұл адамдарға табысталған марапаттар – олардың жеке еңбегін мойындау ғана емес. Бұл бүкіл ұжымға, күн сайын «ӨТМК» АҚ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететіндерге деген құрмет белгісі.