ЖАҢАЛЫҚТАР

Комбинаттың қаржылық тірегі
Комбинаттың қаржылық тірегі

  «ӨТМК» АҚ қаржы бөлімі – ақша ағындарының ашықтығын, кәсіпорынның тұрақтылығын және стратегиялық дамуын қамтамасыз ететін команда. Мұнда күн сайын өтімділік басқарылады, төлемдер мен міндеттемелер бақыланады, несиелер сүйемелденеді, бюджет пен инвестициялық жобалар жүргізіледі, деректер талданып, банктер мен контрагенттермен жұмыс жасалады.

  SAP, Directum, Excel-де модельдеу құралдары, банктердің онлайн-сервистері сияқты заманауи жүйелер процесстерді автоматтандыруға және тәуекелдерді бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Қаржылық талдау өндіріс үдерістермен тығыз байланысып, сандардың Комбинаттын дамуына нақты қалай әсер ететінін түсінуге жол ашады.

  Бөлімде әр түрлі бағыттағы мамандар жұмыс істейді: қазынашылық, бюджеттеу, халықаралық есеп айырысулар, талдау, дебиторлық және кредиторлық берешекті басқару, несие желілерін әкімшілендіру. Барлық процесс – үйлесімді жұмыс пен ақпарат алмасуды талап ететін біртұтас жүйе.

  Мұнда тәртіп, сенім және өзара қолдау жоғары бағаланады. Кәсіби шеберлік, ұқыптылық, жауапкершілік және үлкен өндірістің қарқынында жұмыс істей білу – қаржыгерлердің басты қасиеттері. Жас мамандарға тәжірибе беру ерекше орын алады.

  Соңғы жылдардағы жетістіктердің қатарында ірі несие желілерін тарту, қаржы ашықтығын арттыру, процестерді автоматтандыру және өтімділікті тиімді басқару бар. Алдағы жоспарларда – одан әрі цифрландыруды жалғастыру, BI-есептілікті дамыту және жаңа талдау құралдарын енгізу.

  Қаржы бөлімі – ол Комбинаттың сенімді негізі және оның тұрақты дамуының негізгі буыны.