ЖАҢАЛЫҚТАР

Комбинат тарихына саяхат
Комбинат тарихына саяхат

  «ӨТМК» АҚ мұражайы қонақтарға есігін тағы да айқара ашты. Ашық есік күніне №34, №17 және №2 мектеп оқушылары қатысып, оларға Қазақстанның ірі кәсіпорындарының бірінің тарихымен танысуға бірегей мүмкіндік болды.

  Оқушылардың көбі бұл металлургия әлемімен - металл шығатын, бірегей технологиялар жасалатын әлеммен алғашқы танысуы болды. Бұл күні мұражай атмосферасы Комбинаттың қалыптасу тарихына деген шынайы қуаныш пен қызығушылыққа толы болды.

  Оқушыларға экскурсияны қоғамдық қабылдау бастығы Бұлбұл Бакинова және өндірістік-техникалық басқарма өкілдері өткізді. Олардың әңгімелерінің тындап қатысушылар кәсіпорынның құрылған күндеріне саяхат жасағандай әсерде болды.

  Мұражай экспозициялары Қазақстаннан тыс жерлерге танымал болған Комбинаттың біртіндеп өсіп, қалай дамығанын бақылауға мүмкіндік берді. Экскурсия жетекшілерінің әнгімесінен мұрағаттық фотосуреттер, цехтар мен жабдықтардың макеттері тірілгендей болып Өскемен титан-магний комбинатының тарихы неден басталғанын елестетуге көмектесті.

  Өндірістік қондырғылардың макеттері мен заманауи технологияларды көрсететін интерактивті стендтер ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар титанның ильменит кенінен дайын металға дейін қалай өтетінін қызығушылықпен бақылап, кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтар туралы сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.

  Бастауында тұрғандарға және бүгінгі дәстүрлерді жалғастырып келе жатқан адамдар тұралы экспозиция өзіне ерекше назар аударды. Мұнда әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың фотосуреттері мен бейне әңгімелерін көруге, еңбек әулеттері мен тағдырлары комбинатпен тығыз байланысты адамдар туралы білуге болады.

  Экскурсанттар оның ақпараттылығын, атмосферасын және материалдың өзіндік берілуін атап өтті.

  - Ұйымдастырылған экскурсия үшін «ӨТМК» АҚ басшылығына үлкен рахмет, – деп №34 мектеп-лицейінің оқушысы Антон Ризниченко өз әсерімен бөлісті. - Барлығы өте ұнады. Біз Комбинаттың қала үшін де, болашақ мамандар үшін де қандай үлкен мүмкіндіктер ашатынын көрдік.

  «ӨТМК» АҚ мұражайындағы ашық есік күні жәй ғана экскурсия емес, бұл ұрпақтар кездесуі, өз дәстүрлеріне адал бола отырып, дамып келе жатқан кәсіпорынның еңбегі мен тарихын құрметтеу сабағы болды.