ЖАҢАЛЫҚТАР

Өз еңбегінің нәтижесін көрудің бақыты
Өз еңбегінің нәтижесін көрудің бақыты

  Мамандық тандауда әркiмнiң жолы мектеп орындығынан белгіленіп және дәрiханалық дәлдiкпен тексерiлген емес. Көбінесе ол әр-түрлі жағдайлардан, сәтті кездейсоқтықтардан, сәттіліктен және әрине алға ұмтылудан құралады. № 3 цех бастығының міндетін атқарушы Жазылбек Дулатұлы Түктиеевтің тарихы осылайша басталды.

  Біздің батырымыздың жастық шағы қаланын шуынан алыс Үржар ауданында өтті. Болашақ мамандықты таңдау уақыты келгенде, ол бұл таңдауы оны қайда алып келетінін елестете де алмады.

  - Ауылда оқыдым, ол кезде интернет болған жоқ, ақпаратқа қолжетімділік болмады. Мен техникалық білім алғым келетін, бірақ металлургтер нақты немен айналысатынын мүлдем білмейтін едім, - деп бөлісті Жазылбек Түктиев.

  Осылайша ол Алматыға келді. Жоғары оқу балын жинап, елдегі ең беделді оқу орындарының бірі - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түсіп төрт жыл бойы металлургия саласын оқыды.

Мансап сатының барлық кезеңдері

  Университетті бітіргеннен кейін Жазылбек Түктиев ешқандай таныс, досы, туысы жоқ бейтаныс қала, Өскеменге шақырту алды. Жас маман металлургия кәсіпорындарындағы бос орындарды мұқият зерттеп, Өскемен титан-магний комбинатына түйіндеме жіберді. Үш аптадан кейін ол №3 цехқа сұхбатқа шақырылып, 2010 жылдың қазан айында титан губкасын бөлуші болып жұмысқа кірді.

  - Қиын болды, мүлдем бөтен қала, бәрі таныс емес. Барлық достарым Алматыда қалды, мен шыдай алмаймын және студенттік жылдарым өткен қалаға қайтып ораламын деп ойладым. Бірақ сол кезде тағдыр тағы бір күтпеген сый жасады, мен болашақ жұбайымды кездестірдім, - деп еске алады Жазылбек Дулатұлы. - Ол менен бір апта бұрын үшінші цехқа жұмысқа орналасыпты, титан губкасын сұрыптаушы болып жұмыс істеді, солай таныстық.

  Махаббат жалғыздықты жеңуге көмектесті. Бір жылдан кейін жастар үйленіп, Өскеменде өмір сүру жаңа мағынаға ие болды, мамандықты дамытуға, жаңа биіктерге жетуге ынта пайда болды.

  Нәтижесі көп күттірмеді. Жарты жылдан кейін Жазылбек 4-разрядты алып, 2011 жылдың жазында емтихан тапсырып, инженерлік-техникалық жұмыспен айналысуға рұқсат қағазына ие болды. 2012 жылдан бастап шеберлерді алмастыра бастады, ал 2017 жылдың қаңтарында шебердің міндетін атқарушы болды. Бір жылдан кейін – шебер атанды. 2020 жылы - аға шебер-технолог, ал 2022 жылдан бастап - аға шебер болды. 2023 жылдың шілде айынан бастап ол №3 цех бастығының міндетін атқарып, қарапайым жұмысшыдан Комбинаттың негізгі өндірістік бөлімшелерінің бірінің басшысына дейін барлық жолды жүріп өтті.

  - Әр кезең жаңа нәрселерге үйретті, процестерге жаңа көзқарастар мен түсініктер берді. Бұл адал еңбекпен өсу болды, - деп атап өтті біздің сұхбаттасушы.

Тәлімгерлік кәсібиліктің негізі ретінде

  № 3 цех Жазылбек үшін жай ғана жұмыс орны емес, нағыз екінші үй болды. Мұнда ол тәжірибеде мамандықтың барлық ерекшеліктерін зерттеп, тағдырлы шешімдер қабылдап, өмірінің маңызды сәттерін бастан кешірді.

  - Мені мықты шеберлер шыңдады. Әсет Сейпутанов - маған базаны берген алғашқы тәлімгерім. Содан кейін шебер болған Ринат Әміров өз тәжірибесін жеткізді. Ал аға шебер-технолог болғанда, маған Асхат Жамбұлов көп нәрсені үйретті, ол қазір №14 цехтың бастығы болып жұмыс істейді. Бұл адамдар мені маман ретінде қалыптастырды, мен оларға өте ризамын, - дейді Жазылбек Түктиев.

  Осы жылдар ішінде біздің батырымыз көптеген жас мамандарға тәлімгер болды. Білімді жаңа бастаған қызметкерлерге беру, технологиялық процестердің ерекшелігін түсіндіру, тәжірибемен бөлісу - ол үшін жай ғана міндет емес, нағыз борыш. Мұндай көзқарас әркім не істеу керектігін білетін мықты команда дайындауға мүмкіндік береді.

  - Мен білімім мен тәжірибемді өз қарамағындағыларға беру қажеттігін әрдайым түсінемін. Егер сен бүгін көрсетпесең, үйретпесең, ертең сенің адамың қойылған міндетті орындай алмайды. Егер сен демалыста не іссапарда болсан ше? Басшы жұмыс тоқтамайтынына және барлығы да қатесіз орындалатынына сенімді болуы тиіс. Сондықтан мен бәрін түбегейлі көрсетемін, түсіндіремін, үйретемін, - деп бөлісті Жазылбек Дулатұлы.

  Комбинатта жұмыс істеген жылдары Жазылбек Түктиев көптеген техникалық шешімдердің авторы болды. Ол жаңа ұнтақтағышты енгізуді басты жетістіктердің бірі деп санайды.

  - Мен аға шебер-технолог болғанда жабдықты ауыстыру керек деген түсінігім бар еді. 2023 жылы біз сынақ ретінде ұнтақтағыш орнаттық. Нәтижені бірден көрдік - сапа мен өнімділік екі есе өсті, фракция дұрыс болды, шашыраңқы азайды, ақаулар кетті. Бүгінде бұл ұсақтағыш тұрақты жұмыс істеуде, жыл соңына дейін осындай ұсақтағыштардың толыққанды кешенін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл дайын өнімді беретін тұтас технологиялық ағын болады, - деп түсіндірді цех бастығы.

Балық аулау және страйкбол

  Жұмыс кестесі тығыз болғанына және үлкен жауапкершілікке қарамастан, жас басшы хоббиге уақыт табуға тырысады. Қызығушылықтар арасында - страйкбол және балық аулау. Жазылбек Түктиев жексенбілік ойындарға жиі қатысады, ал Ертіс пен Бұқтырмаға достарымен бірге бару дәстүрге айналды. Түнгі балық аулау, жаңа ауланған шортаннан жасалған көже күш жинап, «қайта жүктелуге» көмектеседі.

  Ол Комбинаттың спорттық өмірін де ұмытпайды. ИТЖ командасында спартакиадаларға белсенді қатысып, футбол, баскетбол ойнайды. Бүгін №3 цех командасы біріккен құрамда өнер көрсетіп жүргенде, ұжым екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді.

Адал еңбегі үшін жоғары марапат

  2025 жылдың маусым айында Жазылбек Түктиев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награда «ӨТМК» АҚ-ның 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада табыс етілді.

  - Мен таң қалдым, жаңалықпен бірден барлық туыстарыммен бөлістім - мені бәрі құттықтады. Мен үшін бұл үлкен мақтаныш, - дейді біздің кейіпкер.

  «Еңбек Даңқы» ордені - жай ғана тану белгісі емес. Бұл кәсіпқойлық пен адал еңбектің назардан тыс қалмайтындығының символы. Біздің кейіпкеріміздің пікірінше, тек осылай ғана жұмыста және өмірде оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

  - Жұмыс істеу, тырысу және тағы да жұмыс істеу, - деп ол жас мамандарға кеңес береді. - Қиын сәттер болады, бұл қалыпты жағдай. Ең бастысы кәсіпке құрметпен қарап, өз жұмысыңды адал орында, сонда бәрі орындалады!

  Жазылбек Түктиевтің тарихы өз кәсібіне, туған кәсіпорнына деген құрмет пен саналы көзқарастың жеміс беретінін дәлелдейді. Ол биік мақсаттар өмірді мағынамен толықтыратынына және нағыз бақыт - күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесін көру екеніне сенімді.