ЖАҢАЛЫҚТАР

Жоғары жауапкершілігі бар мамандық
Жоғары жауапкершілігі бар мамандық

  Комбинатта еңбек тек жұмыс емес, саланың және бүкіл елдің дамуына қосқан үлесі деп білетін мамандар бағаланады. Мұнда кәсіби орта қалыптасады, онда күрделі металлургиялық мамандықты игеріп қана қоймай, бірлесе жұмыс істей білу, әріптестер үшін сенімді тірек болу маңызды. Ержан Тұрғамбаевтың тарихы – осының жарқын дәлелі.

  Оның металлургиядағы жолы 19 жасында №1 цехтың электролиз бөлімшесінің 5-разрядтағы балқытылған тұздардың электролизшісі қызметінен басталды. Ол қалаға Күршім ауданы Құйған ауылынан келді. Ең бастысы – адал жұмыс істеуге және жас маман ұжымның сенімді бөлігі бола алатындығын дәлелдеуге деген ұмтылыс болды.

  - Егер өндіріске келген болсан, әріптестердің алдында да, өзіннің алдында да ұят болмайтындай жұмыс істеу керек, – дейді сұхбаттасушы.

  Ержан Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне металлург мамандығына түсіп оқуын жұмыспен ұштастырды. 2011 жылы ол университетті бітіріп, 25 жасында бригадирдын міндеттерін орындай алды.

Мінезді қажет ететін мамандық

  Балқытылған тұздардың электролизшісінің жұмысы зауыттағы ең күрделі және жауапты жұмыстардың бірі болып табылады. Ол зейінді, шыдамдылықты және кәсіби интуицияны қажет етеді. Мұнда процестерді болжай білу және қабылданған әрбір шешімге жауап беру маңызды.

  - Бұл күш туралы емес, мінез туралы жұмыс. Металды сезу керек. Егер сіз қателессеңіз, ол кешірмейді, - дейді маман.

  Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ерекше маңызды: электрокараның қозғалысын бақылау, тексеру алдында құралдарды дайындау, бөлшектерге мұқият болу. Мұнда қателіктер жіберуге болмайды.

Тәжірибе және кәсіби даму

  Ержанның қалыптасуында жауапкершілікті, тәртіпті және өндірісті құрметтеуді үйреткен тәжірибелі шеберлер, тәлімгерлер үлкен рөл атқарды. Бүгінде оның өзі 25-тен астам адам, оның ішінде 10 электролизші жұмыс істейтін ауысымның сенімді буыны болып табылады және қосымша өндірістік бағыттарды игере отырып, біліктілігін арттыруды жалғастыруда.

Ұжым мен отбасы – екі негізгі тірек

  Ержан үшін Комбинатта еңбек ету – бұл өндіріске ғана емес, елдің дамуына да қосқан үлесі. - Жұмысын Қазақстанға қажет екенін, қолынан өткен металл маңызды өмірлік салаларда қолданылатынын түсінгенде, мақтаныш сезімін оянады, - дейді ол.

  Цехта Ержан сабырлы, сенімді және құрметті маман ретінде танымал. Ол бірлік пен өзара жауапкершілік ауысымды нағыз командаға айналдыратынына сенімді. Оның қолдауы мен тірегі оның отбасы – әйелі, екі ұлы және екі қызы.

  Жас мамандарға Ержан: «Тәртіпті болыңыз, тәлімгерлерді тыңдаңыз және адал жұмыс жасаңыз. Үлкендердің тәжірибесі – бұл сіздің кәсіби өсу қарқыныңыз. Металлургия да, басқа мамандықтар сияқты мінезді талап етеді».