ЖАҢАЛЫҚТАР
Кез келген кәсіпорынның болашағы оның өндірістік тарихы басталмай тұрып-ақ қаланады. Ол мектеп қабырғасынан, мамандыққа деген қызығушылықтан, алғашқы білімнен және өмірлік жолды саналы таңдаудан бастау алады. Осындай болашаққа бағытталған нақты қадамдардың бірі – Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 мектепте жас металлург кабинетін салтанатты түрде ашу болды.
Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытып отырған еңбек адамдарына ерекше назар аударды. Металлургтер бұл жылдың символына айналып, титан өндірісінің және жалпы ел экономикасының дамын қамтамасыз ететін жасампаз еңбектің айқын көрінісі болып отыр. Өйткені кез келген прогрестің негізінде адамның күнделікті, жауапты еңбегі жатыр. Кәсіптік бағдар беру кабинетін ашу осы бастаманың заңды жалғасы әрі өскелең ұрпақ арасында жұмысшы мамандықтарына деген құрметті қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
Жаңа «Жас металлург» кабинеті заманауи оқу кеңістігі. Ол оқу процессіне қажетті көрнекті құралдармен жабдықталған. Жоба «ӨТМК» АҚ басшылығының қолдауымен және мектеппен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде жүзеге асырылды. Мамандар мен педагогикалық ұжымның үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында профилдік оқытудың заманауи аудитория жасақталды. Кабинетте өндірісте қолданылатан түрлі материалдар, шикізат пен дайын өнім үлгілері, сондай-ақ саладағы технологиялық процестерді терең түсінуге мүмкіндік беретін элементтер ұсынылған.
- «Жас металлург» кәсіптік бағдар беру кабинетін ашу «ӨТМК» АҚ-ның қолдауының арқасында мүмкін болды. Біз өскелен ұрпақты дамытуға және қолдауға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Кабинеттің заманауи жабдықталуы, интерактивті материалдары мен сабақтардың практикалық бағыты оқушыларға металлургиялық өндіріс мамандықтпарымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. «Жас металлург» дарындарды ашуға , техникалық мамандықтарға тұрақты қызығушылық қалыптастыруға және болашақ кәсіпті саналы таңдауға тиімді алаң болады деп сенемін, - дейді №23 мектеп директоры Нургуль Тарина.
Бұл жерде теория шынайы өмірден алшақ емес. Кабинет оқушыларға металлургияны тек оқулықтар арқылы ғана емес, оның ішкі құрылымын көріп, тәжірибе жүзінде түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай формат оқушылардың мамандық туралы тұтас көзқарасын қалыптастырып, оның маңызын терең ұғынуға жол ашады.
Кабинеттің ашылу салтанатына Өскемен қаласының білім басқармасының, жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері қатысты. Бұл шараның маңыздылығын және мектеп, кәсіби білім беру жүйесі мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара байланыстың өзектілігін көрсетті. Осындай сабақтастық мектеп партасынан бастап, саналы мамандық таңдауға және металлургия саласындағы кәсіби жолды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараға халық аспаптар ансамблі ерекше сән беріп, мерекелік көңіл күй мен ұлттық колорит қалыптастырды. Мерекенің шарықтау шегі көк лентены салтанатты түрде қию рәсімі болды, бұл жас металлург кабинетінің ресми ашылғанын білдірді.
Жаңа кабинеттің басты мақсаты – Комбинаттың болашақ мамандарын тәрбиелеу, металлургияға өызығушылық қалыптастыру және оқушыларға саладағы кәсіби өсудің нақты мүмкіндіктерін көрсету. Дәл осы жерде оқушылар нақты өндіріс пен жасампаз еңбекке негізделген мамандықты таңдауға ойлана бастайды.
Кадрлық әлеуетті қалыптастыру осындай бастамалардан баталады – мамандықты түсінікті, жақын әрі тартымды ететін жағдай жасау арқылы. «Жас металлург» кабинеті – Комбинаттың болашағына, дәстүрдің сақталуына, ұрпақтар сабақтастығына және саланың дамуына қосылған маңызды үлес.